Астана мен Қазақстанның 17 облысында 12 қарашада ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz РМҚ "Қазгидромет" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 12 қарашада түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 12 қарашада кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 12 қарашада кей уақытта тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ.: 12 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысында оңтүстік-батыстан жел күтіледі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ: 12 қарашада оңтүстік-батыстан жел күтіледі, кей уақыттарда екпіні 18 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 12 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстын, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Өскемен қ.: 12 қарашада күндіз көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстын, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Семей қ.: 12 қарашада күндіз көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 12 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 12 қарашада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Қостанай қ.: 12 қарашада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында 15-20 м/с.

Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 17-22 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 12 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Астанада көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 12 қарашада түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.