Құрамамыз үш ұпай еншіледі .
Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Неделище қаласында Еуропа чемпионатының 2026 жылғы іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін өткізді.
Бауыржан Сағындық жаттықтыратын қазақстандық команда турнир иелері Хорватия құрамасына қарсы алаңға шықты.
Ойын 2:1 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды. Гол соққандар: Ислам Рақым мен Расул Акимов. Ал хорваттар сапынан Юрай Фриган пенальти сериясында гол соқты.
Айта кету керек, қарсылас команда матч соңында таразы басын теңестіруге мүмкіндігі болды, алайда Лука Бартолович тағы бір пенальтиді жүзеге асыра алмады.
Қазақстан U-17 құрамасы іріктеу кезеңіндегі келесі ойынын 14 қарашада Нидерланд құрамасына қарсы өткізеді.