Халықтың шағымдарына дереу жауап беру қажеттігі де айтылды.
Премьер-министр Олжас Бектенов құзырлы органдарға дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Денсаулық сақтау министрлігі монополияға қарсы органмен бірлесіп, бөлшек саудадағы дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын қабылдасын. Денсаулық сақтау министрлігі Цифрландыру министрлігімен бірлесіп, денсаулық сақтау жүйесіне, атап айтқанда, жоспарлау, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды жазып беру және сатып алу рәсімдерінде жасанды интеллектіні енгізу шараларын жүзеге асыруға тиіс", – деді Үкімет басшысы.
Оның айтуынша, халықтың тарапынан келіп түсетін сұрақтар мен шағымдарға дереу жауап беру қажет.
"Денсаулық сақтау министрлігіне Мәдениет және ақпарат министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы халықпен тұрақты негізде кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын", – деді Премьер-министр.