Қазақстанда 18 қарашадан бастап ұялы байланыс операторларына жалған қоңыраулар мен SMS хабарламаларды автоматты түрде анықтауға және бұғаттауға мүмкіндік беретін жаңа ереже күшіне енеді. Тиісті бұйрыққа Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұялы байланыс операторлары енді жалған нөмірлерден, GSM шлюздерінен және SIM-бокстардан жіберілген қоңыраулар мен хабарламаларды бақылау үшін кіріктірілген алаяқтыққа қарсы жүйелерді пайдаланатын болады.

Жүйе қалай жұмыс істейді:

  • Оператор күдікті қоңыраулар мен SMS-ті тіркейді;
  • Мұндай жағдайлар бойынша деректерді Ұлттық банктің алаяқтыққа қарсы орталығына, соның ішінде абонент туралы ақпаратты (толық аты-жөні, ЖСН және телефон нөмірлері) жіберіледі;
  • Екі күн ішінде тексеру жүргізіледі;
  • Алаяқтық дерегі расталса, абоненттің байланыс қызметтері уақытша бұғатталады.

Айта кетейік, жаңа ережеге сәйкес, бір адамға 10 SIM-картадан артық рәсімдеуге болмайды.

Жаңа жүйе операторлар мен Ұлттық банк антифрод-орталығы арасындағы бірыңғай әрекет ету механизмін қалыптастырып, пайдаланушыларды қорғауды күшейтеді және телефон алаяқтық тәуекелдерін азайтады.