Алматыда көлікті заңсыз тіркегендердің схемасы әшкере болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Үш жыл бойы бір топ адам Алматы қаласындағы Халыққа арнайы қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің көмегімен бастапқы тіркеу үшін белгіленген қаражатты төлемей, көліктерді заңсыз тіркеген.

Олар делдалдар арқылы әрекет еткен. Заңсыз әрекетті жасыру мақсатында көліктер жалған тұлғалардың атына рәсімделген.

Халыққа арнайы қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енгізіп, көлікті заңсыз тіркеген. Осылайша 132 көлік заңсыз тіркеуге қойылып, мемлекетке 1,2 млрд теңгеден аса залал келген.

Тергеу барысында 273 млн теңге көлеміндегі қаражат ерікті түрде өтелген.

Сот үкімі

Сот үкімімен үш адам 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған 7 көлік тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget