Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Байқоңыр ғарыш айлағын Қазақстан мен Ресейді біріктіретін тағы бір маңызды белес деп атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Президент 2025 жылғы 11 қарашада "Российская газета" басылымында жарық көрген авторлық мақаласында мәлімдеді.
"Біздің елдерді біріктіретін тағы бір маңызды белес – Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдық мерейтойы. Бұл кешен әлемдік ғарыш саласының бесігі әрі адамзат ақыл-ойының ұлылығын паш ететін символ ретінде әділ бағаланады", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы атап өткендей, ондаған жылдар бойы Байқоңыр екі елдің стратегиялық серіктестігінің берік діңгегі болып, ғылыми-техникалық прогрестің және болашаққа ұмтылыстың айғағына айналды.
Сонымен қатар Тоқаев Қазақстан мен Ресей жаңа стратегиялық серіктестік дәуірін ашады деп мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың авторлық мақаласының толық мәтінімен мұнда танысуға болады.