Мамандар жүргізушілерге жолда мұқият болуға, ал жаяу жүргіншілерге абай қозғалып, ауа райы болжамын ескеруге кеңес береді.
11 қарашада еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар аймақтарда қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ болады, кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қар мен көктайғақ күтіледі. Кей өңірлерде төменгі боран соғып, жел күшейеді.
Атырау, Маңғыстау, Жетісу және Түркістан облыстарында түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көру қашықтығы төмендейді.
Астанада да көктайғақ пен қатты жел күтіледі.