Париждің апелляциялық экс-президент Николя Саркозиді Сантедегі түрмеден босату туралы прокуратураның өтінішін қанағаттандырды. Францияның бұрынғы басшысы енді сот бақылауында болады, деп Le Figaro басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, түрмеде 20 күн өткізген Николя Саркозиге қатысты шешім қабылданып қойған.

Прокуратураның өтінішіне сәйкес, сот сотталушы тарапынан дәлелдерді жасыруға, қысым мен өзара келісудің қаупі жоқ екенін ескеріп,оны ары қарай абақтыда ұстау негізсіз деп шешті.

Сот өкілдері Францияның бұрынғы президентін сот бақылауына алу туралы шешім шығарды. Оған сәйкес, Саркозиге Франциядан шығуға тыйым салынады. Ол бүгін бостандыққа шығу керек.

Түрмеден шыққаннан кейін, экс-президент электронды бақылау білезігін тағуға міндеттелді. Оған іс бойынша айыпталушылармен және куәгерлермен байланысуға тыйым салынды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз