Армагеддон – бұл тек ізгілік пен зұлымдық арасындағы соңғы шайқас туралы Інжілдік аяндағы символдық ұғым ғана емес, сонымен қатар қазіргі Израиль аумағында орналасқан нақты жер. Ол Інжілде Мегиддо тауы немесе Гар-Мегиддон деп аталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Mail басылымының жазуынша, осы өңірде археологтар жасы 3300 жылдық ерекше артефактілерді тапқан. Жасанды төбенің шығыс жағында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде кішкентай ғибадатхана, қой пішініндегі зооморфтық діни ыдыс және Израиль аумағындағы ең көне – 5000 жылдық шарап жасау орны табылған.

Тель-Мегиддо қаласы Израильдің солтүстігіндегі Эзреэль жазығында орналасқан. Ол мыңдаған жылдар бойы маңызды сауда жолдарын бақылап тұрған стратегиялық бекініс болған. Інжілде дәл осы жерде — Мегиддо маңында — жақсылық пен жамандық арасындағы ақырзамандық Армагеддон шайқасы өтетіні айтылған.

Groundbreaking discovery pinpoints biblical location for the final battle between good and evil. https://t.co/vkihlK5erg

— willwinforever (@willwinforever) November 5, 2025

Сонымен қатар, археологтар храм маңынан жерлеу аймағын, құрбандық шалуға арналған ашық алаңдарды және тұрғын үйлердің қалдықтарын тапқан. Қазба жұмыстарының жетекшілері доктор Амир Голани мен Баранк Тзин шарап жасау орнын "ежелгі уақытта-ақ шарап өндірісінің болғанына сенімді дәлел" деп атады. Бұл – алғашқы қалалық өркениеттерде шарап жасау мәдениетінің бар екенін растайды.

Израиль көне мұралар басқармасының басшысы Эли Эскусидо бұл жаңалықты "ұлттық қазына" деп атап, қазба жұмыстарының әр қабаты мыңдаған жыл бұрынғы адамдардың тұрмысын, сенімін және қала мәдениетінің дамуын ашып жатқанын айтты.

Ғалымдардың пікірінше, табылған жәдігерлер Армагеддон шайқасының шынайы болғанын дәлелдемесе де, сол дәуір адамдарының рухани және әлеуметтік өмірінен мол мәлімет береді.