Киберспорт әлемінде аты дүркіреп шыққан Данил Голубенко, яғни molodoy, тағы бір ірі жетістікке қол жеткізді. Ол Қытайда өткен IEM Chengdu турнирінде жеңіске жетіп, ең үздік ойыншы (MVP) атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл — оның соңғы айлардағы екінші ірі жеңісі. Қыркүйек айының соңында Данил FISSURE PLAYGROUND 2турнирінде де топ жарып, сол кезде де үздік ойыншы атағын иеленген болатын.

Қысқа мерзім ішінде екі мәрте MVP атағын алу — киберспортта сирек кездесетін жетістік. Golubenko өзінің жоғары шеберлігін тағы бір дәлелдеп, халықаралық деңгейде қазақ киберспортшыларының абыройын асқақтатты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от OLIMPBET Esports (@esports_olimpbet)