2025 жылғы 10 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) ірі көлемдегі қару-жарақтың тәркіленгені туралы хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылдың қазан айында прокуратураның үйлестіруімен және полиция органдарымен бірлесіп, Астана, Алматы қалаларында және тоғыз облыста заңсыз қару айналымына қарсы бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілген.

Нәтижесінде 40 дана қару-жарақ тәркіленді:

  • жаяу әскерге арналған отты қару (огнемет),
  • 4 Калашников автоматы,
  • 12 тапанша,
  • 23 мылтық,
  • 5 граната,
  • және 800-ден астам оқ-дәрі.
"Аталған фактілер бойынша тергеу және жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Айта кетейік, 2025 жылдың қыркүйек айының соңында ҰҚК Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында қару мен оқ-дәрілерді тәркілеу бойынша арнайы операциялар өткізген болатын.