Дүниенің дегбірін қашырған деструктивті діни ағымдардыңқармаққа іліктіруге тырысатын басты нысанасы – жастар. Өйткені санаға билік жүргізудің сан тәсілін жетік меңгерген олар жастарын бағындырған елдің өзін де бағындыру оңай екенін жақсы біледі. Жас буынның санасын улау – олар үшін болашаққа салынған инвестиция іспеттес. Бүгін болмаса да, ертең жемісін беретін «егін».