Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA-ның live-рейтингінде бесінші орынға көтерілді. Ұйым Сауд Арабиясындағы турнирде Қазақстанның алғашқы ракеткасының жеңісіне осылайша үн қатты , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Турнирдегі жетістігі үшін Елена өз карьерасындағы рекорд 1500 рейтинг ұпайын алды. Бұл оған WTA live-рейтингінде алтыншыдан бесінші орынға көтерілуге мүмкіндік беріп, америкалық Джессика Пегуланы басып озуға себеп болды.
Еске салайық, WTA қорытынды турнирінің финалында Елена Рыбакина әлемнің бірінші нөмірі Арина Соболенконы жеңді. Бұл жеңіс Рыбакинаның мансабындағы 2022 жылғы Уимблдон триумфынан кейінгі екінші ең ірі атағы болды.
Live-WTA әлемдік рейтингі
- Арина Соболенко (Беларусь)
- Ига Швёнтек (Польша)
- Коко Гауфф (АҚШ)
- Аманда Анисимова (АҚШ)
- Елена Рыбакина (Қазақстан)
- Джессика Пегула (АҚШ)
- Мэдисон Киз (АҚШ)
- Жасмин Паолини (Италия)
- Мирра Андреева (Ресей)
- Екатерина Александрова (Ресей)
Бұл жеңіс үшін Рыбакина рейтинг ұпайымен қатар 5 млн 235 мың АҚШ долларын (2,7 млрд теңге) иеленді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!