Дания өз елінде балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Дания билігі қарастырып жатқан заң жобасындағы талаптарға сәйкес, балалар белгілі бір платформаларға ата-анасының рұқсатымен ғана кіретін болады.
Бұл заң жобасы алдағы айларда қабылдануы мүмкін. Қазір Данияда 13 жасқа дейінгі балалардың 94 пайызында ғаламторда кем дегенде бір парақша бар. Билік өкілдері шара кәмелетке толмағандарды цифрлық ортаның кері әсерінен қорғайды деп есептейді.
Осындай бастаманы Еуропаның өзге де елдері талқылап жатыр. Франция, Испания мен Греция әлеуметтік желі қолданушыларына міндетті жас шектеулерін енгізуге ниетті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз