Таразда 8 қараша күні жергілікті тұрғындар фосфор зауыты аумағында болған жарқылды және аспанға көтерілген ақ түтінді видеоға түсіріп алған. Бұл видеолар әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Жаңа Жамбыл фосфор зауытының сары фосфор сақталатын қоймасында болған.

"Затты тасымалдауға арналған ыдысқа құю кезінде төгілу орын алған. Фосфордың ауадағы оттекпен әрекеттесуі салдарынан қысқа мерзімді тұтану болған", — деп хабарлады ведомство.

Өрт зауыт қызметкерлерінің күшімен тез арада сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің мамандары барып, мән-жайын анықтауға кірісті. Ақпарат Экология департаментіне және тиісті органдарға белгіленген тәртіппен жолданды.

ТЖД өкілдері халыққа ешқандай қауіп жоқ екенін атап өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS.P.PRESSTARAZ (@kris.p.presstrz)