Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Шерзод Давлатов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынды иеленді.
Финалда Давлатов түрік балуаны Салих Йылдызға жол берді.
Айта кетейік, бұл — Қазақстан құрамасының 2025 жылғы Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы алғашқы медалі.