Оқиға 7 қараша күні сағат 15:10 шамасында Желтоқсан және Сәтбаев көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы қаласында көше қиылысында жол қозғалысын реттеп тұрған полиция қызметкерін жеңіл көлік қағып кетті.

– Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі Желтоқсан даңғылымен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, Сәтбаев көшесіне солға бұрылғанда қозғалысты реттеп тұрған полиция қызметкерін қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан полицияның аға лейтенанты дене жарақатын алды, – деп хабарлады департаменттен.

Оқиғаның мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр.