Павлодарда Казахстанская правда көшесінде орналасқан құрылыс аумағындағы үйінді астынан ер адамның денесі табылды. Бұл туралы өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
8 қарашада павлодарлық құтқарушылар бір күн бұрын салынып жатқан мектепте жабын плитасының құлауы салдарынан үйінді астында қалған ер адамның денесін тапты.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, ер адамның денесі іздестіру иттері мен жылу камерасының көмегімен анықталған.
"Таңғы сағат 04:31-де іздестіру жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар үйінді астынан ер адамның денесін тауып, сыртқа алып шықты", — делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, төтенше жағдай 7 қарашада орын алған. Оқиға салдарынан 58 жастағы ер адам қаза тапты.
Полиция бұл факт бойынша "Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз