Қызық, тарихтағы көп соғыс болмашы ғана дүниеден басталған екен. Мысалы, 1325 жылы Италияның Модена мен Болонья қалалары арасын­дағы соғысқа шелек себеп болған.

Моденалық сарбаздар Болонья қаласына баса-көктеп кіріп, құдықтағы шелекті алып кетеді. Болонья тұрғындары мұны намысқа тиетін әрекет деп қабылдап, қарулы, қақтығыс жариялайды. Нәтижесінде, екі жақтың мыңдаған жауынгері майданға шығып, Запполино маңында шайқас өтеді. Соғыс салдарынан 2000-нан астам адам қаза табады. Ал ұрланған шелек жеңімпаз Моденаның мұражайында әлі күнге дейін сақтаулы тұр.