АҚШ әскері Кариб теңізіндегі есірткі тасымалдайтын кемені жойды. Кеме есірткі тасымалдаумен айналыстаны халықаралық қылмыстық топқа тиесілі болған.
Бұған дейін Дональд Трамп латиноамерикалық наркокартельдерге қарсы кең ауқымды кампания бастайтынын айтқан еді. Associated Press агенттігінің дерегінше АҚШ әскері өткізіп жатқан операция барысында 64 адам көз жүмған. Ал Пентагон болса есірткі трафигіне қатысты кемелерді толық жойғанға дейін әскери операцияны жалғастыратынын мәлімдеді.