Елордада лифт шахтасына құлап кеткен ер адам жауапкершілікке тартылды. 38-жастағы азамат 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде ер адам лифт есігін теуіп сындырып, шахтаға құлап кеткенін хабарлаған болатынбыз. Оқиға салдарынан лифт апатты жағдайда тоқтап, кабина ішінде 31 жастағы ер адам қалып қойған.

Құтқарушылар екі азаматты да шығарып алды. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетілді.

"Тәртіп бұзушының жеке басы анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалды", — делінген ресми хабарламада.

Сот шешімімен лифтке зақым келтірген ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз