Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 38 жастағы ер адам жеделсатының есігін теуіп сындырып, шахтаға құлап кеткен. Соның салдарынан жеделсаты апатты жағдайда тоқтап, кабина ішінде 31 жастағы ер адам қалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорда әкімдігінің хабарлауынша, құтқарушылар екі азаматты да шығарып алып, оларға дәрігерлер қажетті көмек көрсеткен.
"Тәртіп бұзушының жеке басы анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды".
Полиция департаменті қала тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады. Әрбір азаматтың жауапкершілігі – ортақ қауіпсіздіктің кепілі.
Айта кетсек, аталған оқиға 4 қарашада болғанын төтеншеліктер растаған болатын.