Талдықорған қаласында су құбырын жөндеп жүрген 1991 жылы туған ер адам тереңдіктегі шамамен 14 метр болатын құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.
ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері штатив пен арқан-жүйені қолдана отырып төменге түсті, зардап шегушіні зембілге бекітіп, жоғарыға көтеріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
«ТЖМ еске салады құдыққа, шұңқырға сақтандырусыз түспеңіз», – делінген ведомство хабарламасында.