Елімізде "күдікті қызмет" түсінігі заңдастырылады , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжіліс қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасында "күдікті қызмет" түсінігі қамтылған. Ол трансферттердің жиілігімен, көлемімен және бағытымен анықталады.
"Мысалы күн сайын бір есепшотқа бірдей сома аударылады. Мұндай мәмілелер тексеріледі және одан әрі жұмысты Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізеді. Бұл ретте қаржылық мониторинг субъектілері уәкілетті органға күдікті қызмет туралы хабарлауға міндетті", — деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, "мінсіз іскерлік бедел" түсінігін күшейтеді. Яғни бұрын қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға ықпал еткен жеке тұлғалармен байланысы бар кандидаттар енді қаржы ұйымының басшысы лауазымына үміткер бола алмайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!