Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Тұман, көктайғақ, бұрқасын: демалыс күндері Қазақстанда күн райы қандай болады

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ел аумағында күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды “Қазгидромет” РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, атлантикалық циклонның әсерінен алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ және бұрқасынмен бірге желдің күшеюі күтіледі.

Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болмақ.

Ауа температурасының негізгі фоны күндіз батыс өңірлерде +5…+15°С, солтүстік-батыста 0…+10°С, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда -3…+2°С, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +5…+15°С шамасында болады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз