Сол үшін қазір аталған газ құбырын тағы кеңейту жобасы пысықталып жатыр.

"QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салу жобасы қандай сатыда екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Қостанай өңірінің келешектегі газ тұтыну қажеттігін жабу үшін Ақтөбе облысынан "КС-14 — Қостанай" маршруты бойынша жаңа газ магистралын қарастырылып жатыр. Қазір Қостанай облысының тауарлық газ тұтыну көлемі қайта есептеліп жатыр, – деді QazaqGaz басшысы "Самұрық-Қазына" қоры қоғамдық кеңесінің отырысында.

Сондай-ақ, ол Көкшетау мен Петропавл қалаларын "Сарыарқа" магистралы арқылы газдандыру жобасы әлі күшінде екенін еске салды.