Күдікті қазір қамауға алынып, тергеліп жатыр.

Мексика президенті қоғамдық іс-шара кезінде өзін құшақтап, сүймек болған азаматты сотқа беретін болды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Клаудия Шейнбаум бұл келеңсіз жағдайды "барлық әйелге жасалған шабуыл" деп атады. Күдікті қазір қамауға алынып, тергеліп жатыр. Оқиға мемлекет басшысының тұрғындармен кездесуі барысында болған. Сол сәтте ер адам президенттің йығынан құшақтап, сүюге ыңғайланады. Сорақысы сол, кеудесіне қол тигізуге де әрекет жасайды. Бірақ, оған күзет қызметкерлері жол бермеген.

Анықталғандай, Мексика басшысын көпшіліктің көзінше ыңғайсыз жағдайға қалдырған азамат мас болған екен.