Дидар он алты жаста. Ата-анасы ажырасып, әкесімен байланысы үзілген. Ал, анасы жалғыз ұлын асырау үшін шарқ ұрып жүр. Өтпелі кезеңде өмірге өкпелеген жеткіншек ортасынан оқшауланады. Онлайн таныстар табады. Солардың идеологиялық өңдеуінен кейін өзгені өлтіріп, өзін де жарып жіберуге дайын болды.