2025 жылғы 28 мамырда Ақорда резиденциясында елімізге ресми сапармен келген Руанда Республикасының Президенті Поль Кагамені салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәртебелі қонақты Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі күтіп алды. Артынша, мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Руанданың әнұрандары шырқалды.

Рәсім аяқталғаннан кейін мемлекет басшылары келіссөздер залына өтті.

Айта кетейік, Руанда президенті Пол Кагаме Қазақстанға соңғы рет 10 жыл бұрын – 2015 жылы келген.

28-29 мамырда Руанда Президенті Қазақстанда ресми сапармен болады. Оның сапары аясында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланып, бірқатар құжаттарға қол қойылады.