48 келіде белдесетін қазақ қызы Әбиба 4596 ұпаймен көш бастаған .
Бұл оның өз салмағында әлемдік рейтингте тұңғыш рет бірінші орында тұруы емес, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осы жылы өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені місе тұтқан Әбужақынова жыл аяғында өтетін Абу-Даби және Токио Гранд Слэм турнирлерінде күресуі мүмкін.
Бұл салмақта сынға түсіп жүрген ұлттық құраманың тағы бір үздігі Ғалия Тынбаева 25-ші сатыға жайғасқан. Ал 63 келіде Париж Олимпиадасына қатысқан Есмигүл Құйылова 908 ұпаймен 49-орында тұр. Әйелдер арасында аса ауыр салмақта күресетін Назгүл Маратова жер-жаһанның ең үздік 45 дзюдошысы атанған.
Ерлер арасында Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов – 16, Ғұсман Қырғызбаев – 14, 81 келіде күресетін Абылайхан Жұбаназар 13-орынға лайық деп танылса, -100 келіде Шархан Нұрлыхан 30-шы сатыда тұр. +100 келіде Ерасыл Қажыбаев рейтингте 21 сатыдан байқалады.
Еске салайық, биыл Будапеште өткен әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы жүлдесіз қалды. Аталған сында Париж Олимпиадасының жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев жарысты небәрі 7-орынмен аяқтаған еді.