World Boxing – 2023 жылдың сәуір айында құрылған халықаралық бокс федерациясы.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы – World Boxing ұйымының президенті қызметіне ресми үміткерлер тізімінде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2024 жылдың қыркүйегінде Геннадий Головкин WB ұйымының жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болып тағайындалған еді. Оның негізгі міндеті — боксты Олимпиада бағдарламасында сақтау және World Boxing ұйымының Халықаралық Олимпиадалық комитет тарапынан ресми мойындалуына ықпал ету.
2025 жылдың ақпан айында Халықаралық Олимпиадалық комитет World Boxing ұйымын уақытша мойындады. Бұл шешім ұйымға әлемдік деңгейде боксты басқару құқығын берді. Ал наурыз айында ХОК боксты 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына ресми түрде енгізу туралы шешім қабылдады.