Жаңа тапсырыс 2032-2035 жылдар аралығында жеткізілмек.

"Air Astana" әуе компаниясы Boeing компаниясымен Boeing 787-9 Dreamliner ұшақтарын жеткізу жөнінде келісімге келгенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған тапсырыс бұған дейін жасалған үш Boeing 787-9 ұшағын жеткізу туралы келісімді толықтыра түспек. Ол ұшақтар 2026-2027 жылдары жеткізіледі деп жоспарланған. Осылайша, оның жалпы саны 18 ұшаққа дейін ұлғайып отыр.

Жаңа тапсырысты 2032-2035 жылдары аралығында жеткізеді.

Айта кетейік, 18 Boeing 787-9 ұшағының (қозғалтқыштарымен қоса) жалпы құны 7 миллиард АҚШ долларын құрайды.