Қазір темір жол құрылысы қарқынды.
Достықтан Мойынтыға дейін қос бірдей теміржол түсті. Енді одан әрі Қызылжар стансасына дейін құрылыс жүріп жатыр. Сосын Ақтау портына дейінгі жолдардың бәрі жаңғыртылады. Бұл жүктің көлемін ұлғайтып, жеткізу мерзімін азайтады. Бүгінде Қытай Еуропаға Үнді және Солтүстік мұзды мұхиттары арқылы тауар тасымалдап жатыр. Алайда екі жол да ұзақ әрі тәуекелді тұстары бар. Сондықтан құрлық жолы қос тарап үшін тиімді. Қытай тауары қазақ жерімен Каспийден өтіп, әрі қарай Кавказ елдері арқылы Қара теңізге шығып кете алады. Яғни қақтығыс жүріп жатқан аймақтарды айналып өтуге мүмкіндік бар. Бұл жолмен Шанхайдан шыққан жүк 15 күнде Еуропаның кез келген жеріне жетеді. Тағы бір артықшылығы, осы жолдың арқасында контейнерлерді қос-қостап тасуға болады.
Бақыт Қарсақбаев, “ҚТЖ” АҚ” ҰК “Жаңа жобалар жөніндегі дирекция” филиалының дирекция басқарушысы:
- Тепловозбен жүргеннен кейін қазір контейнерлерді бірінің үстіне бірін қойып, екі этаж қылып жүргізуге болады. Достықтан келе жатқан, если қазір біз екі этаж қылып жүргізген болсақ, ол Мойынтыға шейін келгеннен кейін әр жағы электрофицированный жол, ол әр жақтан жаңағы нелерге тиіп қалады, сымдарға, бағаналарға. Сондықтан қазір мынадан қайта тепловоз болғандықтан, екеуін қосқан уақытта 6,20 жоғарғы жағы, и сонымен тепловозға, оған сым, ешнәрсе керек емес. Ол алып кете береді. Значит екі есе, одан бөлек ещё контейнердің санын көбейтеді.
2030 жылға қарай Ақтау және Құрық порттарының өткізу қабілеті 10 млн тоннаға жетеді. Қазірдің өзінде тасымал көлемі 6 млн тоннадан асты. Мұндай теңіз жолдарымен жүк тасымалдауға көрші елдер қызығушылық танытып отыр. Өйткені Таяу Шығыс, Түркия, Жерорта теңізі арқылы Батыс Еуропа, Солтүстік Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка бағытына жол ашып жатырмыз, дейді мамандар.
Қуаныш Есетов, Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы:
- Өзбекстандық, қырғызстандық, тәжістандық әріптестеріміз осыған жоғары қызығушылық білдіруде. Себебі олар да біз сияқты Еуразия құрлығының ортасында қалып, жан-жаққа, мұхитқа, теңізге апаратын өздерінің шикізат, шығарып жатқан өнімдерін апарудың жолдарын қарастыруда. Осылайша, біздің порттарымыз Ақтау және Құрық порты Әзербайжанға жолданып жатқан бағдар бағыты тек қана Қазақстан үшін маңызды емес, жалпы Орта Азия үшін өте жоғары маңызы бар жол.