Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ үйге барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылғы 7 қарашада Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп келіссөз жүргізді.
Кездесудің егжей-тегжейлі ақпараты сәл кейінірек жарияланады.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі Астана уақыты бойынша сағат 04.00-ге (Вашингтон уақыты бойынша сағат 18.00-ге) жоспарланғанын жазғанбыз.