Вашингтонға сапары аясында Мемлекет басшысы 20-дан астам стартап өкілімен кездесті. Олардың барлығы дерлік еліміздің атын әлемге әйгілеп жүрген дарынды ІТ мамандар.

Президентке кинематография саласында жасанды интеллектіге негізделген елдегі алғашқы «сыңармүйіз» стартапы таныстырылды. Сондай-ақ биотехнология, автономды дрондарды әзірлеуші, машиналық оқыту моделдері бойынша озық өнертабыстар паш етілді.

Ұлттық ІТ жүйенің әлеуетін танытатын бұл жобалардың жалпы құны 1,4 миллиард доллар. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Silkroad Innovations технология хабының қызметі туралы ақпарат берілді. Мемлекет басшысы отандық компаниялардың жетістіктерін жоғары бағалап, алдағы үш жылда Қазақстанды толық цифрлық елге айналдыру жөніндегі стратегиялық міндеттің маңызын атап өтті.