Қазақстандық Темірлан Анарбековтің "Интерге" қарсы ойында жасаған керемет сейвін УЕФА мойындап, қақпашының допты ұстап қалған сәтін қызықты сәттер қатарына қосты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Миландық клубқа қарсы ойында алматылық қақпашы Лаутаро Мартинестің соққысына тосқауыл қойды. Бұл жайтты УЕФА ерекше сәттер қатарына қосты.
Таңдаулылар қатарында басқа клубтардың қақпашылары жасаған сейвтер де бар. Жазба авторлары желі қолданушыларынан ішіндегі үздігін таңдауды сұрады.
Жазбаға пікір қалдырған қазақстандықтар "Қайрат" қақпашысын қолдады.
"Анарбеков the best", "Қақпашы болу үшін осындай батылдық, жауапкершілік, икемділік, жылдам реакция таныту керек", "Қайрат. Темірлан Анарбеков", "Қазақстан, алға!" — деп жазды олар.
Айта кетейік, УЕФА Темірлан Анарбековтің өнерін бірінші рет мойындап отырған жоқ – "Қайрат" қақпашысы "Пафосқа" қарсы ойыннан кейін де үздіктер қатарынан көрінді.
Естеріңізге сала кетейік, Миланда өткен кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Голды Лауро Мартинес, Карлос Агусто және Офри Арад соқты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз