Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ басшысы Дональд Трамптың кездесуі қашан өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуі Астана уақытымен 04:00-де өтеді деп күтілуде", — деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Дональд Трамп әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездескенін хабарлаған болатынбыз.
Кездесу барысында Қазақстан және АҚШ арасында аса маңызды минералдар саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз