Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС хабарлады.
LRT жүйесінде жұмыс істейтін мамандарды оқыту жұмыс беруші есебінен жүргізіледі,
– Теориялық және практикалық дайындық Қазақстанда және Қытай Халық Республикасында өтеді. Курстың ұзақтығы мамандыққа байланысты – 4-6 ай. Бағдарлама аяқталған соң қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификат табысталып, барлығы LRT бөлімшелеріне жұмысқа орналастырылады, – делінген ақпаратта.
Компания мына лауазымдарға үміткерлер іздейді:
Станциялардың ауысым басшылары;
Станция кезекшілері;
Жылжымалы құрам орталығының қозғалыс диспетчерлері;
Жылжымалы құрам орталығының орталықтандыру бекетінің диспетчерлері;
LRT жабдықтары мен инфрақұрылымын басқару орталығының диспетчерлері;
Дабыл техниктері;
Байланыс техниктері;
Электр монтерлері;
Жол жөндеу учаскесінің шеберлері;
Жабдықтарды жөндеу слесарьлары;
Қойма меңгерушілері.
Үміткерлерге қойылатын басты талаптар:
көлік, машина жасау, электр техникасы немесе тиісті салалар бойынша жоғары немесе орта-арнаулы білім;
кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.
Толық біліктілік талаптары cts.gov.kz сайтында жарияланған.