Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС хабарлады .

LRT жүйесінде жұмыс істейтін мамандарды оқыту жұмыс беруші есебінен жүргізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Теориялық және практикалық дайындық Қазақстанда және Қытай Халық Республикасында өтеді. Курстың ұзақтығы мамандыққа байланысты – 4-6 ай. Бағдарлама аяқталған соң қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификат табысталып, барлығы LRT бөлімшелеріне жұмысқа орналастырылады, – делінген ақпаратта.

Компания мына лауазымдарға үміткерлер іздейді:

  • Станциялардың ауысым басшылары;
  • Станция кезекшілері;
  • Жылжымалы құрам орталығының қозғалыс диспетчерлері;
  • Жылжымалы құрам орталығының орталықтандыру бекетінің диспетчерлері;
  • LRT жабдықтары мен инфрақұрылымын басқару орталығының диспетчерлері;
  • Дабыл техниктері;
  • Байланыс техниктері;
  • Электр монтерлері;
  • Жол жөндеу учаскесінің шеберлері;
  • Жабдықтарды жөндеу слесарьлары;
  • Қойма меңгерушілері.

Үміткерлерге қойылатын басты талаптар:

  • көлік, машина жасау, электр техникасы немесе тиісті салалар бойынша жоғары немесе орта-арнаулы білім;
  • кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.

Толық біліктілік талаптары cts.gov.kz сайтында жарияланған.