Қазақстандық әнші Әлі Оқапов "Таңшолпан" бағдарламасының студиясында Iligai тобымен бірлесіп жазған жаңа "Елес" атты әнін орындады. Аталған топтың құрамында әншінің жұбайы – қобызшы Ақерке Бүркітбай да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көрермендер мен тыңдармандар әншінің жаңа туындысын және сахнадағы сезімге толы көріністі жоғары бағалады. Әсіресе, көпшілікті Әлидің әнді шырқау кезінде жұбайынан көзін алмауы сүйсіндірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Qazaqstan Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)
Бейнежазбаның астындағы пікірлерде қолданушылар жұпқа бақыт тілеп, әннің керемет екенін жарыса жазды.
- Жаңа өлеңдерің керемет болып шықты! Жарайсыңдар! Өте әдемі!
- Әли – Ақереке керемет жұп! Бақтарыңыз жансын!
- Әлидің орындауы әдемі. Акерке аспапта керемет ойнайды, жарасымды.
- Кәсіби үндестік
- Жеңіл желпі дүниелер шығармайтын нағыз өнер иелері.
- Керемет! Әдемі ән орындауы тамаша саяхатқа ерте замандағы Шығысқа барып келгендей болдым
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің жаңа жобасында Қазақстан атынан кім өнер көрсететіндігін жазғанбыз.