Оқу-ағарту вице-министрі Майра Мелдебекова сенат кулуарында балаларға сабақ кезінде неліктен телефон қолдануға тыйым салынатынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Майра Мелдебекованың айтуынша, "Білім туралы" заң бойынша оқушыларға оқу процесінде ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады.

"Бұл норма аясында ата-ана жауапкершілігі қарастырылған. Яғни, оқушы сабақ уақытында телефон пайдаланса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірінші рет міндетті түрде ескерту беріледі, ал кейінгі құқық бұзушылықтар үшін 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады", — деді вице-министр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз