Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы болып Берік Әшірбеков тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Берік Айдарұлы Әшірбеков тағайындалды", — делінген хабарламада.

Берік Айдарұлы 1986 жылғы 17 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. С.Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетін, Қарағанды экономикалық университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі – жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау және құқықтану.

Еңбек жолын 2005 жылы Созақ аудандық жер кадастр бюросының технигі болып бастаған.

2006-2023 жылдары Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.

2023 жылғы желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы Тұран ауданының әкімі болған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің аппаратын Ержан Сейтенов басқарды. Ол тамызда қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз