Қазақстан Еуропа мен Азияны байланыстыратын маңызды хабқа айналды.
Біздің ел экспорт, импорт және транзиттік тауарды жерде авто және теміржол, әуеде ұшақ, суда кеме сосын жер астында құбырмен жеткізеді. Экономикалық зерттеулер институтының мәліметі бойынша, былтыр тауар көлемі 1,09 млрд тоннаға жеткен. Бұл 7,7 трлн теңге. Кейінгі бес жылда орташа жылдық өсім 6% деңгейінде сақталып келді. Мәселен, былтыр теміржол көлігі жүк айналымының 64%-ын қамтыды. Автомобильдің де логистикадағы рөлі күшейген. Көлік саласына 3,6 трлн теңге инвестиция құйылды.
Айналымды қамтыды:
64% — теміржол көлігі
14,4 млн адам — әуе көлігі
255 млн тонна — құбыр көлігі