Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде үшінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисші Серена Уильямс тобында әлемнің 10-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александровмен кортқа шықты.
Елена Рыбакина қарсыласынан 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.
Бұған дейін жартылай финалға мерзімінен бұрын жолдама алған Елена енді WTAFinals турнирінің жартылай финалына сенімді қадам басты.