10-13 қараша аралығында Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді.
Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Спортшылар 14 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі.
Ел чемпионатының нәтижесінде 2025-2026 жылғы маусымға арналған ұлттық құрама жасақталады.
Айта кетейік, додада сондай-ақ, аралас командалық сайыстар ұйымдастырылады.