"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 6 қараша, бейсенбі күні елімізде ауа райының күрт нашарлайтыны туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша, тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Атлант циклоны мен соған байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, ал солтүстікте жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі… Республика бойынша желдің күшеюі, боран, тұман және көктайғақ болжанады", — делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда кейінгі тәулікте шамамен 20 миллиметр жауын-шашын түсті, бұл қараша айына арналған айлық норманың жартысына тең екенін жазғанбыз.