Португалияның Вила-Нова-ди-Гая қаласында үстел теннисінен халықаралық WTT Feeder Vila Nova de Gaia 2025 турнирі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жарысқа Англия, Бразилия, Бельгия, Венесуэла, Германия, Нидерланд, Италия, Израиль, Қазақстан, Корея, Колумбия, Мексика, Польша, Португалия, Пуэрто-Рико, Румыния, Сингапур, Украина, Уэльс, Франция, Хорватия, Чили, Швеция және Швейцария, сондай-ақ Жапония спортшылары қатысады.
Бұл жарыста Владислав Захаров, Ескендір Харки, Сарвиноз Миркадирова және Жанерке Көшкімбаева ел намысын қорғайды.
Олар жекелей, жұптық және аралас санаттарды өнер көрсетеді.