Алматының Түрксіб аудандық сотының судьясы Дастан Әлмағамбетов 2019 жылы желтоқсанда Bek Air ұшағының апатқа ұшырағанына қатысты іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Іс бойынша қаза тапқан ұшқыштар Миржан Мулдақұлов пен Марат Мұратбаев айыпталушы ретінде көрсетілді.
Ұшқыштар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі (Жол қозғалысы немесе темір жол, әуе, теңіз немесе өзен көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша кінәлі деп танылып, оларға қаза табуына байланысты жаза тағайындалмады.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптары азаматтық сотта қаралады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз