Шектеулер бүгіннен бастап қыс мезгілінің соңына дейін жалғасады.
Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше жолда кейбір көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Өскемен-Тарғын-Самар тасжолының 63-145 шақырымында, Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік тасжолының 18-60 шақырымында және Теректі-Ұрұнхайка-Төсқайың тасжолының 7-57 шақырымында кез келген үлгідегі тіркемелері немесе жартылай тіркемелері бар жүк көліктері мен тракторлардың қозғалысы үшін шектеулер енгізіледі. Сондай-ақ облыстық маңызы бар жолдарда механикалық көлік құралдарын сүйретуге тыйым салынады", – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, көлік жүргізушілері жолдағы шектеулерге қатысты ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласып ала алады.