Миландық "Интер" алматылық "Қайратпен" ойыны қарсаңында Instagram желісіндегі парақшасында қазақ әнінің сүйемелдеуімен қазақ тілінде жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Матч 5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні Миланда өтеді, ойын Қазақстан уақыты бойынша сағат 1:00-де басталады.
"Интермен" ойын Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі аясында өтеді.
Қазақстандық клубпен матч қарсаңында "Интер" Instagram желісінде бұрынғы футболшы, қазір "Атлетико" жаттықтырушысы Диего Симеоненің мұрағатынан видео жариялады. Видеода Симеоне гол соққан сәтті көруге болады. Жазбаны қазақша әнмен сүйемелдеген.
"Симеоне дәл және өте әсерлі гол соқты. Осындай контент үшін "жазылу" түймесін басыңыз", — делінген жазба сипаттамасында.
Видео қазақстандық желі қолданушыларының ерекше қызығушылығын туғызды. Қазақстандықтар алматылық клубты қолдайтындықтарын білдірді.
Жақында алматылық "Қайрат" футбол клубы кезекті ойыны туралы ақпарат жариялады: Қазақстан құрамасы Миланның "Интерімен" кездеседі.
Сондай-ақ "Қайраттың" орталық қорғаушысы Александр Мартыновичтің жарақатына байланысты УЕФА Чемпиондар лигасы аясындағы "Интерге" қарсы ойынға қатыса алмайтыны белгілі болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз